29.09.2020, 17:56
Жаңалықтар
Рудный қаласының әкімі отставкаға кетті
Бақытжан Ғаязов бұл қызметте 9 жыл болды
Фото: qostanai.media
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды. Ол отставкаға кету туралы өтініш жазған және оның өтінішін Қостанай облысының әкімі мақұлдаған.
Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында Рудный қалалық соты Қостанай облысы Качар ауылының экс-әкімі Арман Алдоңғаровты өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін ысырап ету мен жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, сот шешімімен ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Рудный қаласы әкімі аппаратының бастығы Азамат Ысқақов үкім шыққанға дейін Качар ауылының әкіміне байланысты отставкаға кету туралы өтініш берді.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты