Freedom House: Қазақстан интернет еркіндігі төмен елдердің қатарына кірді
Қазақстан интернет еркіндігі бойынша рейтингте Қырғызстан, Әзірбайжан, Беларусь елдерінен кейін тұр

Халықаралық Freedom House ұйымы интернет еркіндігі бойынша зерттеуін жариялап, мемлекеттердің рейтингін түзді. Рейтинг басылым, трансляция және онлайн-БАҚ еркіндігінің дәрежесіне қарап жасалады.
Интернет еркіндігі бойынша рейтинг барлығы 65 мемлекеттің ішінде жүргізілген. Бұл ретте көш басында Исландия, сондай-ақ ТОП-5 елдің қатарына Эстония, Канада, Германия мен Аустралия кірген. Осыдан бір жыл бұрын 46-орында болған Қазақстан биыл тізімде 50-орынға жайғасқан. ТМД елдерінің ішінде Беларусь 48-орында, Әзірбайжан 45-орында, Қырғызстан 25-орында тұр.
Жалпы, рейтинг жасауда мына факторлар назарға алынған:
- интернетке қолжетімділікке кедергі келтіру;
- контент мазмұнына байланысты шектеулер (сайттарды бұғаттау, цензура);
- пайдаланушының құқығын бұзу (желідегі әрекеттерді, құпиялылықты бақылау).
Рейтингте шартты түрде үш топ айқындалған: «еркін», «ішінара еркін» және «еркін емес». Қазақстан соның ішінде интернеті еркін емес топқа кірген.