Алматыда ер адамның асқазанынан 25 сантиметрлік арматура шықты

Ер адам асқазандағы арматурамен 2,5 жыл жүрген

Алматыда ер адамның асқазанынан 25 сантиметрлік арматура шықты
Фото: баспасөз қызметінен

Ер адам асқазандағы арматурамен 2,5 жыл жүрген және енді ғана дәрігерлерге жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем дәрігерлеріне денедегі бөтен затты шығару күрделі операция болмаған. 54 минут ішінде операциялық бригада тапсырманы сәтті орындап шыққан.

«Бүгін, 28 қыркүйек күні пациент ауруханаға эпигастрий аймағындағы өткір ауырсыну шағымымен келді. Пациенттің айтуынша, ол екі жыл бұрын тергеу изоляторында арматураны жұтып қойған. Рентгенологиялық диагностика нәтижесінде пациенттің сөздері расталып, ер адамға дереу лапаротомия, гастротомия, денедегі бөгде затты шығару бойынша операция жасалды. Операция сәтті өтіп, науқас палатаға ауыстырылды», - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің хирургі Темірхан Қожахметов.

Дәрігерлер 2 жылдан астам уақыт бойы асқазандағы металл зат қиындық тудырмағанын бірегейлік деп атады. Себебі бөтен зат ішкі денеден басқа жерге ауыспаған немесе асқазанның қабырғасына зақым келтірмеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.