$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2020, 23:27
Жаңалықтар

Астанада автобус жолақысын SMS арқылы төлеу уақытша мүмкін емес

Жол жүру ақысын SMS арқылы төлеу 28 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады

Астанада автобус жолақысын SMS арқылы төлеу уақытша мүмкін емес
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан автобустарында SMS арқылы жолақы төлеу қызметі уақытша тоқтатылады. Бұл жөнінде қалалық City Transportation Systems компаниясы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Құрметті қоғамдық көлік пайдаланушылары! Tele2 және Altel ұялы байланыс операторлары тарапынан техникалық ақауларға байланысты қоғамдық көлікте жол жүру ақысын SMS арқылы төлеу 28 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады. Жүйе қалпына келген жағдайда қосымша хабарлаймыз», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, жол ақысын көлік картасымен және QR-код арқылы төлеуге болады. Ол үшін мынадай мобильді қосымшалар бар: Kaspi.kz, Homebank, Senim, Рахмет, My Beeline, my Activ, OYBY, Plus24, SMSBUS және Astra Bus.

Серіктес жаңалықтары