26 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
Сенбі күні республиканың шығысы мен орталығында ауа райы құбылмалы болады
26 қыркүйек күні республиканың шығысы мен орталығында ауа райы құбылмалы болады. Республиканың кей жерлерінде жауын-шашын, тұман болып, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-28 м/с жылдамдықпен ұйтқып, шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстараның кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.