26.09.2020, 01:36
Жаңалықтар
Алматы облысында үш күнде 900-ге жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды
Облыста профилактикалық іс-шара өтті
Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысында үш күн ішінде профилактикалық іс-шара барысында 871 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Кейбір жаяу жүргіншілер әлі де өз өмірі мен денсаулығына, сонымен қатар басқа жол қозғалысының қатысушыларына қауіп төндіріп, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтеді. Бұл жаяу жүргіншілердің заңды елемейтінін көрсетеді», - деп жазылған ақпаратта.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және болдырмау бағытында алдын алу жұмыстарын атқарып жатыр. Сонымен қатар жүргізушілер құрамына көлік қою, белгілер мен таңбалар, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін сақтау бойынша бақылау күшейтілді.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
