ШұғылОқу жылы басталғалы 250 оқушы COVID-19 вирусын жұқтырған

Каспиде 100 млн теңгенің балығын заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

Олардан 245 кг аулауға тыйым салынған бекіре тұқымдас балық анықталды

Фото: баспасөз қызметінен

Атырау облысы Исатай ауданы Амангелді елдімекенінің ауданында «Байда» және «Бударка» жүзу құралдарында заңсыз балық аулаған екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ҰҚК  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жүзу құралдарын қарап-тексеру кезінде шекара жасағы жалпы салмағы 245 кг 64 дара, аулауға тыйым салынған бекіре тұқымдас балық анықтады. Сондай-ақ құқық бұзушылар ауларды орналастырған жерлерді оңай анықтау үшін қолданатын браконьерлік аулау құралдары мен GPS навигаторлары табылды», - деп жазылған ақпаратта

 

Қазіргі уақытта ұсталған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Алынған балық аумақтық ішкі істер органдарына берілді.