ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Нұр-Сұлтанда пәтерлерді заңсыз сатқан құрылысшылар жауапқа тартылды

Құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан

Фото: astana.gov.kz

«Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ тарапынан жыл басынан бері пәтерлерді заңсыз сатқаны үшін астаналық құрылысшыларға қатысты 16 әкімшілік іс қозғаған (ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы), деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Басқарма басшысының орынбасары Ерлан Бердалиннің айтуынша, құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлескерлердің ақшасын заңсыз тартып, сондай-ақ заңға қайшы салынып бітпеген үйлердегі пәтерлерді сатқан.

Басқарма 3 құрылыс салушыға қатысты талап-арыздарды сотқа жолдап, нәтижесінде, «Шанг Хи Групп» ЖШС, «ExpoNewLife» ТК, «Roztal» ЖШС, «Family Park» ТК, «Mainstreet» ЖШС және «Парус» ТК пәтерлері заңсыз сатылғаны анықталды.

Бүгінде жоғарыда аталған компанияларға қатысты Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлімі (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша іс қозғағаған. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

«Пәтерлерді заңсыз сатуды болдырмау үшін біз мұндай іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деп толықтырды Ерлан Бердалин.