ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Биыл 600-ден астам шенеунік жауапқа тартылды - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Олардың 72-сі жұмыстан шығарылды

Фото: ашық дереккөзден

Биыл жыл басынан бері 600-ден астам мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Данияр Бекайдаровтың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдарға заң бұзған 1 237 шенеунікке қатысты шара қабылдауды ұсынған.

«615 адам тәртіптік жауапқа тартылды. Олардың 72-сі жұмыстан шығарылды. 84 адам лауазымынан айырылды. 75-і ескерту алып, он адамның қызметі төмендетілді. Мемлекеттік органдарда істейтін 154 адамға қатаң сөгіс жарияланды. Қоластындағыларды дұрыс бақылауға алмаған басшылық қызметтегі 257 адам жауапқа тартылды», - деді Данияр Бекайдаров.