18.09.2020, 23:55
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты
COVID-19-дан 945 мыңға жуық адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сілтеме жасап.
Университет мәліметтеріне сенсек, коронавирус пандемиясы басталғалы 30 миллионнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 945 мыңға жуығы көз жұмды. 20 миллионнан астам адам жазылып шықты.
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ (6,78 млн), Үндістан (5,21 млн), Бразилия (4,46 млн), Ресей (1 млн), Перу (750 мың) мемлекеттері көш бастап тұр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды