ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Шымкентте бір ИВЛ аппарат 21 млн теңгеге сатып алынған - Антикор

Бұл жағдай мемлекетке 40 млн теңге шығын келтірді

Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пандемия кезінде Шымкент қаласында, Атырау және Қостанай облыстарында өкпені жасанды желдету аппараттарының қымбатқа сатып алынғанын анықтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент офицері Айнагүл Карипова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы ресейлік өкпені жасанды желдету аппараттарының бір данасын 21 миллион теңгеге сатып алған. Ал қаладағы инфекциялық аурухана дәл осы уақытта аппараттарды 3 млн теңгеге арзанырақ алған. Бұл жағдай мемлекетке 40 млн теңге шығын келтірді», - деді ол.

Белгілі болғандай, панлемия кезінде Ресейдегі бұл аппараттардың бағасы екі есе арзан болған. Сонымен қатар бір компания америкалық аппараттарды Қостанай облысына 18,5 млн теңгеден, ал Солтүстік Қазақстан оьлысына 22 млн теңгеге сатқан. Ал мұндай аппарат қазір 14 миллион теңге тұрады