Полиция қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

Елордада өткен тәулікте ауа райының нашарлауынан 70-тен аса жол апаты тіркеліп, бір адам зардап шеккен

Фото: sputniknews.kz

Елорданың полиция департаменті жүргізушілерден қар тазалау кезінде көлікті жолдың бойына қоймауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Департаменттің ақпаратынша, өткен тәулікте 70-тен астам жол апаты тіркеліп, бір адам зардап шеккен.

Полиция елордалық жүргізушілерден қар тазалау кезінде көлікті жолдың бойына қоймауды және барынша сақ болуды сұрады.

«Жол шетіндегі көлік қар жинайтын техникаға кедергі жасайды. Тәртіп сақшылары көлік тұрағы мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырады. Белгіленбеген орындарда тұрған көліктер эвакуаторлардың көмегімен айып тұрағына жеткізіледі», - деп ескертті полиция.

Сондай-ақ, департамент көлік айдайтындарға жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, аяқ асты маневр жасамауға, қысқы доңғалаққа дер кезінде көшуге кеңес берді.

Загрузка новостей...
Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты