10.11.2019, 17:21
Жаңалықтар
Оралда төрт қабатты үй өртенді
Оқиға орнынан 13 адам эвакуацияланды
Фото: баспасөз қызметінен
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 9 қараша күні сағат 14.14-те Н.Назарбаев даңғылы 232-мекенжайында төрт қабатты үйдің төбесі жанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Аумағы 25 шаршы метрді құраған өрт 15.00-де сөндірілді. Тұрғын үйден 13 адам шығарылды, олардың екеуі – балалар. «Тілсіз жауды» сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 17 қызметкер, 5 техника, полициядан 4 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді