10.11.2019, 13:24
Жаңалықтар
Әйгілі боксшы спарринг жекпе-жекте алған ауыр соққыдан көз жұмды
Қазір өлімнің нақты себебі зерттелуде
Фото: ашық дереккөзден
Австралиялық кәсіпқой боксшы Дуайт Ритчи отандасы Майкл Зерафемен болған спарринг кездесуден кейін көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Таңғы жаттығу кезінде ол Зерафеге Джефф Хорнмен өткізетін реваншына орай көмектесіп жатқан. Жұдырықтасу кезінде ол кеудесіне соққы тигеннен кейін дереу өз бұрышына барған, ұзамай есінен танып қалған. Дәрігерлер оның есін жиғыза алмаған.
Қазір өлімнің нақты себебі зерттелуде.
Бірінші орта салмақта бокстасатын Дуайт Ритчи осыған дейін 19 кездесу өткізіп, 2 рет жеңілген. 2 рет қарсыласын нокаутпен жеңген.
6 желтоқсан күні оның Томми Браунмен жекпе-жегі жоспарланған болатын. Оның артында үш баласы қалды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды