10.11.2019, 11:04
Жаңалықтар
Арыс қаласындағы жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Қаладағы жолдардың 90%-ы орташа жөндеуден өткен
Фото: баспасөз қызметінен
Қазіргі таңда жолшылар автомобиль жолдарының 78,9 шақырымын, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың 46,7 шақырымын жөндеуде. Сондай-ақ, жолдардың 68,6 шақырымында жарық шамдардың 2234, трансформаторлардың 52 данасы орнатылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыстар жуырда аяқталады деп күтілуде. Орташа жөндеуден қалалық жолдардың 90% өткен. Олардың қорытындылары бойынша Арыс қаласындағы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95% жеткізілмек.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
