Елордада түнгі клуб өртенді
Түнгі сауық мекемесінен 8 адамды құтқарылды
Елордада «Good bar» түнгі сауық мекемесінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«10 қарашада түнде сағат 00:20-де «101» қызметінің пультіне Бейімбет Майлин көшесіндегі «Good bar» түнгі клубында өрт шыққаны жөнінде қоңырау шалынған. Сол жерге 00.26-да алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімшесі ғимараттың екінші қабатында электр желісі жанып жатқанын анықтады», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар нысандағы адамдарды эвакуациялап, жалынды сөндіруге кірісті. Нәтижесінде 0,5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.
Оқыс оқиға кезінде түнгі сауық мекемесінен 8 адамды құтқарылды. Жедел жәрдем екі адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Олардың ауруханаға баруының қажеттілігі болмады. Полиция қызметкерлері ғимаратты қоршауға алды. Өртті сөндіруге астаналық ТЖД-ның 17 қызметкері мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды.