$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2020, 21:53
Жаңалықтар

Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

15 қыркүйектен бастап қалада кітапханалар мен музейлер жұмыс істей бастайды

Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдетілді
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласында коронавирусқа байланысты карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды. 

Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет. 

- ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4-сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылады. 

Қаулыны барлық заңды тұлғалар орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары