$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2020, 22:57
Жаңалықтар

Елордада «smart» шлагбаумдарды енгізу жобасы қолға алынды

Шлагбаумнан арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер өте алады

Елордада «smart» шлагбаумдарды енгізу жобасы қолға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Елорданың тұрғын үй кешендерінде «smart» шлагбаумдарды енгізу жобасы мен автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін анықтау жүйесі қолға алынды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бұл технология шұғыл қызмет көліктерінің үйлердің аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді. Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер «smart» технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін тұрғын үйлердің 30% -на дейін «smart» шлагбаумдармен жабдықтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша ауланың аумағында камералар орнату да жоспарда бар. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар саны азаяды.

Серіктес жаңалықтары