13.09.2020, 21:26
Жаңалықтар
Өскеменде клиенттің көлігін ұрлап кеткен слесарь ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Өскеменде техникалық қызмет көрсету станциясының слесарі клиенттің көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Патрульдік полицейлер қыркүйек айының басында ұрланған ВАЗ-2114 автокөлігіне ұқсас көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде 30 жастағы ер адам көлік құралын басқаруға рұқсат беретін құжаттарды көрсете алмаған. Тәртіп сақшылары қосымша тергеу үшін оны полиция бөліміне жеткізді», - деп жазылған хабарламада.
Белгілі болғандай, ер адам өзі слесарь болып жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету станциясындағы клиенттің көлігін ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды