09.09.2020, 10:01
Жаңалықтар
Өткен тәулікте коронавирустық пневмониядан 1 адам қайтыс болды
1 тамыздан бері қайтыс болғандардың жалпы саны 316 адамға жетті
8 қыркүйекте Қазақстанда коронавирустың белгілері бар пневмонияға шалдыққан 450 адам тіркелсе, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 372 адам аталған аурудан емделіп шыққан.
Осылайша, 1 тамыздан бүгінгі күнге дейін коронавирустың белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны 28 228 адамға жетіп, 316 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 6 546-ға жетті.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
