Ақтөбеде салық қызметшілері кәсіпкерді ұрған

Жарияланған:
08.11.2019, 13:49

Салық қызметшілерінің басшысы қатаң сөгіс алды

aktobenews.kz

Әдеп кеңесінде Қобда аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысы Бердібек Әмірғалиевке қатысты тәртіптік іс қаралды. Ол екі қызметкері үшін жауап берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 

Аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінде жұмыс істеген Т.Әмірғалиев пен Байменов 24 қыркүйек күні караокеге барып, қоғамдық орында дәретке шығып, ақысын төлемеген. Олар өздерінің аудандық бөлім басшысы Бердібек Әмірғалиевтен келгенін айтқан. Сөзге келген караоке әкімшісін де ұрған. Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің облыстық департаменттің бас маманы Ләззат Қосаеваның айтуынша, сол уақытта бөлімде 9 адам еңбек етіп, екеуі қысқарған. Дегенме Еңбек кодексі бойынша қызметкерлер 25 қыркүйек күні жұмыстан шыққан болып есептеледі. Яғни, караоке әкімшісін ұрған кезде екеуі де мемлекеттік қызметші болған.

«Тексеру кезінде аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінде бір-біріне туыс үш Әмірғалиевтің жұмыс істегені анықталды», - деді Ләззат Қосаева.

Айта кетейік, Қобда аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысы қызметін атқарған Бердібек Әмірғалиев облыстық мемлекеттік кірістен департаментінде ұйымдастыру және қаржы жөніндегі басқарма жетекшісі болып жүр.

«Олар қысқартылып, жұмыстан шығарылды. Ал туыстық жағына келер болсақ, біздің атамыз емес, бабамыз бір туған», - деді Бердібек Әмірғалиев.

Әдеп кеңесі мүшелерінің шешімімен бүгін Бердібек Әмірғалиевке қатаң сөгіс берілді.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
5 жылда Қазақстанға 130-дан астам адам экстрадицияланды – Тұрғымбаев
Сапарбаев: Біз жемқорлықтың барын ашық мойындауымыз керек
Ауыз су мәселесі ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін теңестіріледі - БҰҰ

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.