Армениядан әкелінген, тіркелмеген көлік иелері жазаланбайды-ҚР ІІМ
Уақытша есепке қою мерзімі 2021 жылдың наурызына дейін ұзартылуы мүмкін

1 қыркүйекте Қазақстанда армян нөмірлері бар автомобильдерді тіркеу мерзімі аяқталды. Алайда көлікті есепке қоюға үлгермегендер жазаланбайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
«Үкіметтің 20 жылғы 306 мамырдағы №2020 Қаулысы шеңберінде тіркеуден өтпеген Армения Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автомобиль иелеріне қатысты рейдтік және арнайы іс-шаралар өткізу көзделмеген», - делінген ІІМ хабарламасында.
Армениядан әкелінген барлық көліктерді тіркеуді қамту үшін автомобильдердің көрсетілген санатын тіркеу мерзімін ұзарту туралы тиісті қаулы жобасы дайындалып, Үкіметке енгізілді.
Қаржы министрлігі дереккөздерінің хабарлауынша, мерзім 2021 жылдың наурызына дейін ұзартылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ауқымды тіркеу науқаны 2020 жылдың 1 маусымында басталған. Соңғы мәліметтер бойынша, оған Армениядан тіркеуге жататын 14 500-ден астам автомобильдердің иелері қатысты.