07.09.2020, 03:44
Жаңалықтар
Үндістан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша екінші орынға шықты
Бұған дейін екінші орында Бразилия тұрған еді
Фото: ашық дереккөзден
Үндістанда бір тәулікте коронавирус анықталғандар саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Үндістанда соңғы бір тәулікте 90 мың 600 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша Үндістан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Бразилияны басып озып, екінші орынға шықты», - деп жазылған ақпаратта.
Үндістанда пандемия басталғалы 4,2 млн адамнан коронавирус анықталды. Қазір Үндістан 6 млн адам тіркелген АҚШ-тан кейін тұр. Америкада бір күнде 42 мың адамнан COVID-19 анықталған. Төртінші орында Ресей тұр. Мұнда 1 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталған.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады