07.09.2020, 01:30
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Тағы үш адам ауруханаға түскен
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Мақаншы-Жалаңашкөл тас жолында болған, деп хабарлайды Altaynews.kz.
«Сағат 11.00 шамасында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, көлік жыраға түсіп кетті. ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, алған жарақаттардан 45 жастағы жүргізуші әйел оқиға орнында көз жұмды. Көлікте отырған 62 жастағы ер адам, жүргізушінің 17, 12 жастағы ұлдары ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған ақпаратта.
Медициналық тексеруден кейін олар үйлеріне қайтарылды. Қазір жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады