ШҚО-да 4 млн теңгеден астам пара алған адам ұсталды
Ол - «Еңбек-Өскемен» мекемесінің лауазымды тұлғасы
4 млн теңгеден астам пара алған «Еңбек-Өскемен» мекемесінің лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Altaynews-ке сілтеме жасап.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты «Еңбек-Өскемен» РМК-ның лауазымды тұлғасын ұстады.
«Ол 2020 жылғы шілде мен тамыз аралығында жүйелі негізде бірқатар кәсіпкерден (шағын және орта бизнес субъектілерінен) шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және олар бойынша ақшалай қаражат аударғаны үшін жалпы сомасы 4 млн теңгеден артық соманы пара түрінде алып отырған», - делінген хабарламада.
28 тамызда аталған тұлғаға қатысты Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.