6 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман, жаңбыр, жел болады
Жексенбі елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Түркістан, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-23 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Атырау, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Түркістан облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.