Коронавирустың екінші толқынында 50 мыңға жуық адам ауыруы мүмкін – ДСМ
Үкімет негативті болжамға дайын
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов «Ашық алаң» ток-шоуында коронавирус инфекциясының келесі толқыны туралы негавтиті болжамға Үкіметтің дайын екенін айтты.
«Кез келген болжамның үш түрі болады. Біреуі негативтік, екіншісі болуы мүмкін – орташа, үшіншісі позитивтік. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі және Үкімет негативтік сценарийге, негативті болжамға дайын. Егер де негативті сценарий орын алатын болса, онда Қазақстанда 50 мыңнан астам адам жақын арада осы індетке шалдығуы мүмкін. Ал оның алдын алу үшін барлық емханалар қазіргі уақытта дайын. Бұрынғыдай дәрі-дәрмек жоқ емес, қазір бар», - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, ДДСҰ қыркүйек-қазан айларында коронавирустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.