$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2019, 02:58
Жаңалықтар

Ресейді Олимпиадаға қатысу құқығынан айыруы мүмкін

Егер алаяқтық туралы ақпарат жақын күндері расталса, ең ауыр санкция қолданылмақ

Ресейді Олимпиадаға қатысу құқығынан айыруы мүмкін

Германияның ARD телеарнасының журналисі Хажо Цеппелт дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Ресейге қарсы ісі туралы жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спортшылар қан тапсырғаннан кейін Ресей Мәскеудегі лабораторияда шынайы мәліметтерді жасырып, жалған анықтама берді деп  айыпталып отыр. Егер алаяқтық туралы ақпарат жақын күндері расталса, ең ауыр санкция қолданылады (Олимпиададан шеттету де қарастырылады)», – деп жазды Зеппелт Twitter-дегі парақшасында.

Бірнеше күн бұрын Ресей спорт министрі Павел Колобков шынайы мәліметтерді ешкім жасырған жоқ деп сендірген еді. 

Жазғы Олимпиада 2020 жылы Токио қаласында 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. 

Серіктес жаңалықтары