$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2019, 03:59
Жаңалықтар

8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде күн тағы суытып, жаңбыр және қар жауады.

Еліміздің кей жерінде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады, жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашын жаумайды.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз Ақмола облысында 23 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары