01.09.2020, 12:11
Жаңалықтар
«Аңсаған сәби». Тоқаев баласы жоқ отбасыларды қолдау үшін арнайы бағдарлама жасауды тапсырды
Бағдарлама аясында жасанды жолмен бала сүйгісі келетін отбасылар үшін квота саны артады
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Қазақстан халқына жолдау жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жасанды бала сүю процедурасына бөлінетін квота санын жеті есеге арттыруды тапсырды.
«Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» атты арнайы бағдарлама бастауды тапсырамын. Жасанды жолмен бала көтеру бағдарламасындағы квота санын жеті мыңға (бір жылдық - авт.) дейін көбейтуді тапсырамын. Яғни, квота саны қазіргіден жеті есеге артады», - деді Тоқаев.
Жалпы, Президент атап өткен факторларға қарасақ, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы балалы бола алмай отыр. Ал ажырасқан отбасылардың 20%-ы шаңырақтың шайқалуына баланың жоқтығы басты аргумент болғанын атап өткен.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды