Мемлекеттік органдар меншігіндегі мүлік жыл соңына дейін салықтан босатылады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыс кезінде кәсіпкерлерді қолдау үшін осындай тапсырма берді 

Мемлекеттік органдар меншігіндегі мүлік жыл соңына дейін салықтан босатылады
Фото: tengrinews.kz

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар меншігіндегі мүлік жыл соңына дейін салықтан босатылатынын айтты. 

«Шағын және орта кәсіп өте ауыр кезеңді бастан кешіріп отыр. 700 мыңнан аса кәсіпкерге жеңілдіктер берілді. Шағын және орта бизнеске жасалып жатқан қосымша шаралар арасында экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ-тарға жылына 6% мемлекеттік субсидия беруді тапсырамын. Ол 12 айға беріледі. Ұлттық  банк осыған дейін ШОБ-тардың айналымдағы қаражатын толтырып отыратын арнайы бағдарлама бастаған. Ол бағдарлама биыл аяқталуы керек еді. Қазіргі жағдайға байланысты, оның мерзімін ұзартуды тапсырамын. Осы міндетке 200 млрд теңге қарастырып қою керек. Сондай-ақ, жыл соңына дейін мемлекеттік органдарға тиесілі мүліктік салықтан босатуды тапсырамын», - деді Тоқаев.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.