MediaCAMP Award 2020 конкурсының финалистері анықталды
Жеңімпаздар 19 қыркүйекте белгілі болады
Орталық Азия елдерінің 60 журналисі мен блогері төрт номинация бойынша MediaCAMP Award конкурсының финалына өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бірінші турда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан түскен материалдар жеке-жеке қарастырылды. Келесі турда бес мемлекеттен іріктелген финалистер өзара бәсекеге түседі. Конкурс жеңімпаздары 19 қыркүйек күні MediaCAMP Fest 2020 фестивалінің жабылу салтанатында марапатталады.
Конкурсқа «Билік және қоғам», «Көмек көрсететін уақыт», «Бүгінгінің батырлары», «Шекарасыз ұрпақ — Мүмкіндіктер уақыты» атты төрт номинация бойынша 282 материал түскен. Сонымен қатар «Объектив» номинациясы бойынша фотолар қабылданған. Оның жеңімпаздары онлайн дауыс беру арқылы анықталады.
Айта кету керек, финалға өткен материалдар арасында Айнұр Шошаеваның Azattyq Rýhy сайтында жарияланған «Жетімдер тағдыры: «Тойымыз өткен соң алып кетеміз…» материалы бар.