Алтай Көлгінов жылу беру жұмыстарымен танысты

Биыл астанада ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіріледі

Алтай Көлгінов жылу беру жұмыстарымен танысты
Фото: astana.gov.kz

Биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіру жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«2-ЖЭО-ны газға көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстым. Газ құбыры салынды, желдету жабдықтарын, газ қорғау жүйелерін және қазандықтарға монтаждау жанарғыларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіруді жоспарлап отырмыз», - деп жазды әкім.

Бұдан басқа, елді-мекендерде кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

«Мысалы, Железнодорожный елдімекенінде газ тарату желілерінің 100%, Промышленный мен Көктал-2 95%, Көктал - 1 80% салынды. Бұл жұмыстар Агрогородок, Юго-Восток елді-мекендерінде де жүргізіліп жатыр. Бұл елді-мекендердегі үйлердің бір бөлігі биылғы жылыту маусымында газбен жылытылуы мүмкін. Қаланы газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады. Үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды тегін беру үшін үш фронт-офис ашылды. Бұл Көктал-1, Железнодорожный, Промышленный тұрғындарына арналған. Жеке сектор тұрғындары үшін тегін есептегіштер қарастырылған. Елорданы газдандыру-Елбасының тарихи жобасы. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деп жазды Алтай Көлгінов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.