Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда қатты ыстық пен найзағай болады
30 тамыз күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
СҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
Қызылорда облысында 30 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
БҚО-да найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысында найзағай болуы мүмкін. Түнде және таңертең жағалауда тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.