$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.08.2020, 22:26
Жаңалықтар

ДДСҰ COVID-19-ға қарсы Қазақстан вакцинасын ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді

Бұл тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енді

ДДСҰ COVID-19-ға қарсы Қазақстан вакцинасын ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді
Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты. Бұл тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

Кестеден деактивацияланған вирусы бар Қазақстан вакцинасының клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұрғанын көруге болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.

Серіктес жаңалықтары