Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливаннан оралды
Арнайы жасақ Ливанда екі аптадан астам уақыт болған
Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев елорда әуежайында Ливаннан келген дәрігерлерді салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық арнайы жасақ Ливанда екі аптадан астам уақыт болған. Әскери дәрігерлер Бейрут, Боуар, Сайда, Машгара қалаларындағы тұрғындарға көмек көрсетті. Онда әскери госпиталь мен муниципалдық ауруханаларда жұмыс істеген. Сонымен қатар қазақстандық әскери дәрігерлер ливандық әріптестерімен бірлескен ем жүргізіп, тәжірибе алмасты.
«Бұл шаралар біз үшін және жас дәрігерлер үшін өте маңызды. Өйткені елге көмектесу бар және тәжірибе алмасу бар. Осындай жарақат болған жағдайда қандай көмек керек екенін, оған іріктеу жасау керек екенін білу керек. Жас дәрігерлердің, офицерлердің үйренгені өте дұрыс», - дейді жетекші хирург, медицина қызметінің полковнигі Ғалымжан Омаров.