Миллионнан астам қазақстандық COVID-19-дан тегін дәрі-дәрмек алады

Дәрі-дәрмек қорына 9 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді

Миллионнан астам қазақстандық COVID-19-дан тегін дәрі-дәрмек алады

Коронавируспен ауыратын миллионнан астам қазақстандық 9 млрд. теңгеге жуық тегін дәрі-дәрмек алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Жеңіл түрде ауырған науқастарды амбулаториялық негізде емдеу үшін дәрілерді тарату көзделген. Бұл туралы «СҚ-Фармация» хабарлады. Сонымен қатар, екінші толқын кезеңінде дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін болдырмау үшін компания тағы 40 мың стационар пациенттеріне қосымша дәрі-дәрмек сатып алды. 

«Қазір тұрақтандыру қорына қажетті 50 дәрі-дәрмекті жедел түрде сатып алу жүргізілуде. Осы препараттар қажет болған жағдайда медициналық ұйымдарға жөнелтіліп, автоматты түрде толықтырылады. Сонымен қатар, «СҚ-Фармация» атап өткендей, аса тапшы дәрі-дәрмектер бойынша да мәселе пысықталуда»,- делінген хабарламада. 

«Дау-дамай жиі болып тұратын кейбір мәселелер бар. Оны болдырмау үшін біз жақын арада сатып алу жүйесіне өзгерістер енгізуге тырысамыз. Бұл белгілі бір сатып алу циклдері арасында тауар позициялары бойынша алшақтық болған кезде балалардың онкологиялық, сирек кездесетін аурулары туралы. Біз осы кезеңді жабатын 30% маржаны алуға тырысамыз»,- деді «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.