$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.08.2020, 15:55
Жаңалықтар

Қазақстанда 164 млн теңге салық төлеуден жалтарған Түркия азаматы сотталды

Түркия азаматы басшылық ететін кәсіпорын 3 жыл бойы салық төлемей келген

Қазақстанда 164 млн теңге салық төлеуден жалтарған Түркия азаматы сотталды
Фото: Батыржан Беспаев

Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті салық төлеуден жалтару фактісі бойынша «BESHEL CONSTRUCTION» ЖШС-ға қатысты қылмыстық іске тергеу жүргізді. Еске сала кетейік, компанияның басшысы мен құрылтайшысы – Түркия азаматы.

Тексеріс нәтижесінде кәсіпорынның 2015-2018 жылдар аралығында 164 млн теңгеден астам сома көлемінде салық төлемегені анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 сотының өкімімен Түркия азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабының 2-бөлімінің 1-тармағында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жыл бойы ұйымдарда басқарушылық қызметтерді иелену құқығынан айыра отырып 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, оған негізгі жазаны өтегеннен кейін 5 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынып, Қазақстаннан шығарылады.

Серіктес жаңалықтары