$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2020, 00:35
Жаңалықтар

Ақмола облысында локдаун кезінде 18 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері өз жұмысын тоқтатқан

Бизнес субъектілерінің 97 пайызға жуығы қызметін жаңғыртуға рұқсатнаманы хабарламалық тәртіпте алуда

Ақмола облысында локдаун кезінде 18 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері өз жұмысын тоқтатқан

Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған 12 мыңнан астам кәсіпкер ісін қайта жаңғыртуға өтінім берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

Бүгінге дейін  9400 шағын және орта бизнес субъектілері өз қызметін қайта жалғастырған.  Бұған www.infokazakhstan.kz онлайн-ресурсы мүмкіндік берген. 

«Аталған  қызмет кәсіпкерлік қызметті жедел жаңғырту  үшін «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылды.  Локдаун кезінде Ақмола облысында 18 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін тоқтатқан. Ал, аталған бастама жария болғаннан кейін 12 мыңнан аса кәсіпкер өтінім беріп, оның тоғыз мыңнан астамының өтініштері қанағаттандырылып, кәсіптерін қайта бастауға мүмкіндік берілді»,- дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының  директоры Ақылбек Смағұл. 

Естеріңізге сала кетсек, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен кәсіпкерлер қызметін рұқсат және хабарлау тәртібімен қайта жаңғырта алады. «Атамекен»ҰКП сарапшыларының бағалауынша, бизнес субъектілерінің басым бөлігі,яғни,97 пайызға жуығы қызметін жаңғыртуға рұқсатнаманы хабарламалық тәртіпте алуда. 

 «Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында байланыс-орталығы іске қосылған сәттен бастап  екі мыңнан астам телефон қоңырауы түсті. Сұрақтардың негізгі бөлігі порталда тіркелу және өтінім беру, техникалық сұрақтар, бас санитар дәрігердің қаулысы шеңберіндегі санитарлық норма талартары сияқты сауалдар болды», - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы әкімшілік бөлімінің басшысы Данияр Қалымов. 

 www.infokazakhstan.kz порталына түскен барлық мәліметтер жергілікті атқарушы органдардың және СЭС жауапты қызметкерлерімен  реттеліп, мониторингтік топтардың шығу кестелері құрылатынын атап өткен жөн. 

Абзал Алпысбайұлы,

Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары