Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Бұл туралы синоптиктер айтты

Қазақстанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет»-ке сілтеме жасай отырып.
25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр.
25 тамызда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 18 метр. Павлодарда 25 тамызда түнде тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, найзағай кезінде секундына 18 метр.
25 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр. Көкшетауда 25 тамызда түнде және таңертең тұман түседі.
25 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
25 тамызда Қарағанды облысының шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстік-шығыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 25 тамызда түнде күн күркірейді. Жезқазғанда 25 тамызда түнде күн күркірейді.
25 тамызда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен түнде және таңертең кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, найзағай кезінде секундына 15-20 метр. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Талдықорғанда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, найзағай кезінде секундына 15-20 метр.
25 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр. Өскеменде 25 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метр. Семейде 25 тамыз күні күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метр.
25 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 25 тамызда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр. Түркістанда 25 тамызда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр.