24.08.2020, 10:54
Жаңалықтар
ШҚО-да жер сілкінді
Жер сілкінісінің магнитудасы 3.3 болды
Фото: ашық дерек көзінен
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Altaynews.
«РҒА бірыңғай геофизикалық қызметі» Федералды зерттеу орталығының Алтай-Саян филиалының ақпараты бойынша жерасты дүмпулері 23 тамыз күні кешке тіркелді», - делінген хабарламада.
РҒА мәліметтері бойынша, жер сілкінісі Гринвич бойынша сағат 17:45-те тіркелді (Алматы уақытымен 23:45). Магнитудасы 3.3 болды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)