20.08.2020, 16:05
Жаңалықтар
Түркістан облысына Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек келді
Барлық препараттарға «тегін» деген жазуы бар арнайы мөр басылады
Түркістан облысына Германия мен Украинадан гуманитарлық көмек келіп жетті. Көмек медициналық маска, меропенем, левофлоксацин секілді аса қажетті заттардан тұрады.
Келіп жеткен дәрілік заттарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері мен дәрігерлер қабылдап алды.
Жалпы саны 4000-нан асатын медициналық препараттар мен қорғаныш маскалары қажеттілігіне қарай ауруханалар мен емханаларға таратылады.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмес үшін, барлық препараттарға «тегін» деген жазуы бар арнайы мөр басылады.
Көп оқылған
31.03.2026, 10:25
«Бәріміз үшін осы дұрыс»: Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады
31.03.2026, 07:20
Шымкентте дәріхана жанындағы кабинеттерде 4 адам қайтыс болды
31.03.2026, 14:58
Тәттіге құмар: Өскеменде ер адам дүкеннен 80 қорап «Merci» шоколадын ұрлаған (ВИДЕО)
31.03.2026, 12:16
Қазақ ғалымы ойлап тапқан ракқа қарсы дәрінің бағасы қанша болады – министр жауап берді