16.08.2020, 02:08
Жаңалықтар
Ресей коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды бастады
Ресейде халықты жаппай вакцинациялау қазан айында басталады
Фото: ашық дереккөзден
Ресей Гамалея орталығы жасаған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны өндіруге кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы әзірлеген COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны шығара бастады. «Спутник V»деп аталған вакцина екі айдай уақыт клиникалық сынақтардан өтті», - деп жазылған ақпаратта.
COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырды. Зерттеулер көрсеткендей, эксперименттің барлық қатысушысының ағзасында иммунитет пайда болды. Ресейде халықты жаппай вакцинациялау қазан айында басталады деп жоспарланып отыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды