Атырау облысында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды
Шектеу шаралары 17 тамыздан бастап күшіне енеді
Атырау облысы аумағында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов қол қойған арнайы қаулыда айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ден 31 тамыз сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын. Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті», - делінген құжатта.
Қаулыға сәйкес, Атырау облысының аумағында тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына сағат 23.00 ден 6.00 аралығында жүруіне тыйым салынады.