ШҚО тұрғындары мәслихат сайлауында белсенділік танытты: 534 учаске жабылды
Өңірде дауыс беру кезінде ән мен күй шырқалып, ұлттық ойындар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Заң бұзушылық тіркелмеген
Шығыс Қазақстан облысындағы 534 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Таңғы сағат 07:00-ден бастап өңір тұрғындары мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Дауыс беру барысын 1000-ға жуық қырағы байқаушы қадағалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сайлау учаскелерінде ән шырқалып, күй тартылды. Келушілерге ыстық бауырсақ ұсынылды. Тұрғындар ұлттық ойындардан сайысқа түсті. Бұдан бөлек, жәрмеңке де ұйымдастырылды.
Жалпы, Президенттің «Мәслихат – мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы. Сіздерге сенім артқан сайлаушылардың мүддесін қорғау – басты парыздарыңыз» деп айтқан болатын. Ел болашағына бей-жай қарамайтын ақсақалдар, ардагерлер, қоғам белсенділері мен түрлі сала өкілдері келді. Жастар арасында алғаш рет дауыс бергендер де болды. Кей тұрғындар учаскеге әріптестерімен бірге келді. Туған күні сайлаумен тұспа-тұс келген азаматтар да өз таңдауын жасады.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау барысында заң бұзушылық тіркелген жоқ. Таңдау жасаған тұрғындар да өз учаскелерінде заң бұзушылық болмағанын айтады.
