Астанада мәслихат сайлауы 26 сәби дүние есігін ашты
Дүниеге келген нәрестелердің 15-і – қыз, 11-і – ұл. Ал 2026 жылдың тоғыз айында елордада 19,8 мыңға жуық сәби тіркелген
29 қарашада, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткен күні Астанада 26 нәресте өмірге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Қалалық медициналық ұйымдардың мәліметінше, перзентханаларда 15 қыз және 11 ұл дүниеге келген.
Елордадағы перзентханалар тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Медицина қызметкерлері босануға келген әйелдерге және босану кезінде көмек көрсетіп, жаңа туған нәрестелердің күтімін қамтамасыз етеді.
Әкімдіктің мәліметінше, қалада жүктілік пен босану кезіндегі медициналық көмектің, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Астанада 19,8 мыңға жуық нәресте тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға аз.