Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86 пайызы дауыс берді
Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады
Елімізде мәслихаттары депутаттарының сайлауы жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша елімізде тізімге енгізілген сайлаушылардың 53,86% өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, сағат 16:00-дегі белсенділік бойынша Түркістан (69,84%), Жетісу (68,03%) және Қызылорда (67,36%) облыстары көш бастап тұр. Ал республикалық маңызы бар қалалар арасында Шымкент(40,23%) алда келеді.
Барлық өңір мен мегаполистердегі көрсеткіштер төмендегідей:
- Абай облысы — 63,02%;
- Ақмола облысы — 53,16%;
- Ақтөбе облысы — 66,19%;
- Алматы облысы — 56,25%;
- Атырау облысы — 51,17%;
- Батыс Қазақстан облысы — 52,27%;
- Жамбыл облысы — 56,31%;
- Жетісу облысы — 68,03%;
- Қарағанды облысы — 53,42%;
- Қостанай облысы — 54,15%;
- Қызылорда облысы — 67,36%;
- Маңғыстау облысы — 56,17%;
- Павлодар облысы — 55,89%;
- Солтүстік Қазақстан облысы — 56,58%;
- Түркістан облысы — 69,84%;
- Ұлытау облысы — 51,53%;
- Шығыс Қазақстан облысы — 61,47%;
- Астана қаласы — 39,91%;
- Алматы қаласы — 33,73%;
- Шымкент қаласы — 40,23%.
Еске салайық, сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады, ОСК жаңартылған мәліметтерді кезең-кезеңімен жариялайды.
