ОСК: Сайлаушылардың 45,46 пайызы сағат 14:00-ге дейін дауыс берді
Өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жарияланды
Бүгін, 29 қарашада, Қазақстан мәслихаттары депутаттарының сайлауы жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша елімізде тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46% дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, түскі уақыттағы сайлаушылардың белсенділігі бойынша Жетісу (58,35%), Түркістан (56,91%) және Қызылорда (56,38%) облыстары алдыңғы қатарда. Ал республикалық маңызы бар қалалар арасында Астана (33,27%) көрсеткішімен көш бастап тұр.
Өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі төмендегідей:
- Абай облысы – 51,82%;
- Ақмола облысы – 49,14%;
- Ақтөбе облысы – 54,17%;
- Алматы облысы – 51,36%;
- Атырау облысы – 46,71%;
- Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;
- Жамбыл облысы – 48,05%;
- Жетісу облысы – 58,35%;
- Қарағанды облысы – 44,76%;
- Қостанай облысы – 46,21%;
- Қызылорда облысы – 56,38%;
- Маңғыстау облысы – 47,51%;
- Павлодар облысы – 46,83%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;
- Түркістан облысы – 56,91%;
- Ұлытау облысы – 43,63%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%;
- Астана қаласы – 33,27%;
- Алматы қаласы – 25,72%;
- Шымкент қаласы – 32,74%.
Еске салайық, сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы алдағы сағаттардағы жаңартылған ақпаратты кезең-кезеңімен жариялайды.
