Бүгін, 10:34
Жаңалықтар
ОСК: Сайлаушылардың 12,31 пайызы сағат 10:00-ге дейін дауыс берді
Учаскелердегі дауыс беру процесі жалғасып жатыр
Фото: © istockphoto.com
Бүгін Қазақстан мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша республикада тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,31%-ы өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, таңғы уақытта ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе (16,49%), Қызылорда (16,33%) және Түркістан (15,32%) облыстарында тіркелген.
Өзге өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардағы көрсеткіштер төмендегідей:
- Абай облысы — 12,56%;
- Ақмола облысы — 12,04%;
- Ақтөбе облысы — 16,49%;
- Алматы облысы — 13,53%;
- Атырау облысы — 11,86%;
- Батыс Қазақстан облысы — 11,85%;
- Жамбыл облысы — 12,83%;
- Жетісу облысы — 14,24%;
- Қарағанды облысы — 14,01%;
- Қостанай облысы — 9,75%;
- Қызылорда облысы — 16,33%;
- Маңғыстау облысы — 13,02%;
- Павлодар облысы — 10,91%;
- Солтүстік Қазақстан облысы — 10,82%;
- Түркістан облысы — 15,32%;
- Ұлытау облысы — 12,97%;
- Шығыс Қазақстан облысы — 14,37%;
- Астана қаласы — 9,93%;
- Алматы қаласы — 6,41%;
- Шымкент қаласы — 12,67%.
Еске салайық, учаскелердегі дауыс беру процесі жалғасып жатыр, ОСК алдағы сағаттардағы жаңартылған мәліметтерді кезең-кезеңімен жариялайды.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
