Бүгін, 10:39
Жаңалықтар
Өскеменде екі қабатты ғимараттың жертөлесі өртенді
Төтенше оқиға Металлургтер көшесінде орналасқан нысанда тіркелген
Фото: © istockphoto.com
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында екі қабатты ғимараттың цокольдық қабатынан өрт шықты. Төтенше оқиға Металлургтер көшесінде орналасқан нысанда тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен. Барлау барысында техникалық қабатта қызметкерлердің жеке заттары 3 шаршы метр аумақта жанып жатқаны анықталды.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтар мен мекеме қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
